Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен еріктілер із-түзсіз жоғалған 29 жастағы жігітті іздестіруде

СҚО-да полицейлер мен еріктілер із-түзсіз жоғалған 29 жастағы жігітті іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Жамбыл ауданында полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер із-түзсіз жоғалған 29 жастағы жергілікті тұрғын Виталий Вячеславович Майснерді іздестіруде.

Жас жігіт ауылшаруашылық кәсіпорындардың бірінде күзетші болып жұмыс істеген. Ол 16 тамыз күні даладағы қостан хабарсыз кеткен. Оның жоғалғаны туралы жұмыс беруші хабарлаған. Із-түзсіз жоғалғанның ерекше белгілері: орта бойлы, шашы сары. Үстінде қара пуловер мен шалбар болған. Іздестіру шараларына 60-тан астам адам жұмылдырылды. Еріктілер әлеуметтік желілерде ақпарат таратуда. Із-түзсіз жоғалған туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда, полицейлер 8-777-307-99-65, 8-775-202-00-37 нөмірі бойынша немесе “102” арнасына хабарласуды сұрайды.

Жыл басынан СҚО полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы 309 өтініш қабылдады. Оның ішінде қазіргі уақытта 303 адамның жүрген жері анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру