Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да поселкелік полицейлер өртте газ баллонының жарылуының алдын алды

СҚО-да поселкелік полицейлер өртте газ баллонының жарылуының алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 сәуір күні іңірде СҚО Қызылжар ауданы Соколовка ауылындағы поселкелік полиция бөлімшесінің әдеттегі жұмыстарын төтенше жағдай тоқтатты. Сағат 21: 40-та жұмыс басталар алдындағы нұсқаулық кезінде, полицейлер өрттен шыққан шифердің дыбысын естиді. Жалын келесі көшедегі үйлердің шатырынан жоғары көтеріліп үлгерген. Кезекшінің көмекшісі өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған кезде, оқиға орнына үш офицер жүгіріп кетеді. ППБ бастығы Эльдар Аллахверанов үйдің терезесін тарсылдатқан. Үйдің иелері бірден көңіл бөлмеген: ол кезде 65 жастағы зейнеткерлердің екеуі балаларымен телефон арқылы сөйлесіп жатқан. Осы уақытта учаскелік инспекторлар Азамат Қабдрашитов пен Назар Мендекеев қоршаудан секіріп түсіп, малды шығару қажет болар деген оймен қора-қопсыны тексерген. Жанып жатқан сарайдан олар от шарпуға жақын қалған 50 литрлік газ баллонды көреді. Баллонды екі полицей көтеріп алып, қақпаның сыртына алып шыққан.

Үй иесі қораға кірмек болады, бірақ Эльдар Аллахверанов оны жібермеген: өрттің тез таралуынан, ішіне кіру қауіпті болады. Дер кезінде келген көршілермен бірге тәртіп сақшылары өртті сөндіруге тырысқан. Өрт сөндіру қызметі қоңырауды тіркегеннен кейін 6 минуттан соң келген. 14 шаршы метр жерді жайлаған өрт уақытында сөндірілді. Өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігінің арқасында қалған ғимараттар бүлінген жоқ. Тұрғындардың қуанышына орай, өртеніп кету қаупі төнген тауықтар да аман қалды.

– Поселкелік полиция бөлімшесінің қызметкерлері дағдарыс жағдайында өздерінің сауатты іс-әрекеттерін көрсетті, – дейді Қызылжар ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Петр Климов. – Шұғыл әрекет етіп, дұрыс шешім қабылдап, ауыр зардаптың алдын алды. Полиция майоры Аллахверанов қарамағындағылардың іс-әрекеті жайлы баяндай отыра, баллонның салмағына қарағанда ортадан жоғары болғанын айтып, жарылған жағдайда салдары ауыр болар еді деді. Осындай сәттерде полиция қызметкерлерінің халыққа қызмет етуге деген адалдығы сыналады. Олар өз міндеттерін абыроймен атқарып, күнделікті міндеттеріне кірісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру