Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да “Профилактикалық бақылау“ жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде

СҚО-да “Профилактикалық бақылау“ жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында 7-13 ақпан аралығында “Профилактикалық бақылау“ атты жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. Осыған орай СҚО бойынша ҚАЖД Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық пробация қызмет бөлімі жергілікті полиция қызмет бөлімімен бірге пробация есебінде тұратын сотталғандардың мекенжайлары және жұмыс орындары бойынша тексерді.

Тексеріс барысында сотталғандармен және оларға оң тәрбие беретін туыстарымен тәрбиелік алдын алу әңгімелесулері жүргізілді. Сотталғандарды мекенжайлары бойынша тексеру барысында олардың қазіргі уақытта тұрып жатқан тіркеу орындары және тұрып жатқан үйлерінің сәйкестігі тексерілді. Сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары мен жұмыс орындары бойынша тексеру кезінде жаңа қылмыс жасауға және жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзуға бейім сотталғандарға аса назар аударылды.

Бұл іс-шараларды пробация қызметінің қызметкерлері қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының қағидаларын қатаң сақтай отырып өткізеді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру