СҚО-да қызмет бабында ерекшеленген қызметкерлер марапатталды
Солтүстік Қазақстан облысында Конституция күні қарсаңында қызмет бабында ерекшеленген қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінде Қазақстан Конституциясы күніне орай салтанатты жиын өтті. Санитарлық нормаларды сақтай отыра, полиция басшылығы жеке құрам мен ардагерлерді құттықтап, ерекшеленген қызметкерлерді марапаттады.
Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев жеке құрамды келе жатқан мерекемен құттықтап, полицейлер әрдайым алғы шепте жүретінін атап өтті, халықтың тыныштығы, қауіпсіздігі, тіпті денсаулығы сақшылардың кәсібилігі мен жауапкершіліктеріне байланысты.
– Дүниежүзілік қауымдастық өршіген коронавирустық инфекциямен бетпе-бет келген қиын сәтте солтүстікқазақстандық полицейлер қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, алдыңғы шепте жүрді. Қызметкерлер блок бекеттерде үздіксіз қызмет етті, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды, медициналық мекемелерді және карантиндік аймақтарды күзетіп, халыққа көмек көрсетті. Осынау мерекелік күнде барлық қызметкерлерге мінсіз қызмет атқарғандары үшін, ал жақындарына түсіністік пен қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіргім келеді, – деп атап өтті облыстың бас полицейі.
Кезекті атақ, төс белгілер, медальдар, грамоталар мен алғыс хаттар – мерекелік бұйрықпен 61 қызметкер марапатталды. Оның ішінде ардагерлер, сондай-ақ ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшелері. Олар қауіпті індетке қарсы күресте көмек көрсетті, әлі де қол ұшын созуда. Олардың ішінде нәзік жандылар да бар: ҚР ІІМ Алғыс хатымен Петропавл қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы, ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшесі Бақытжан Сәмиева марапатталды.Сондай-ақ осы күні солтүстікқазақстандық полицияның төрт офицері мерзімінен бұрын атақтарын алды. Оның ішінде Петропавл қаласы Полиция басқармасы Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов та бар. Ата заңның 25 жылдығы қарсаңында офицер мерзімінен бұрын «полиция подполковнигі» арнаулы атағын алды.
– Ата Заңның 25 жылдығы қарсаңында атаққа ие болу – мен үшін үлкен құрмет. Барлық қазақстандықтарды шың жүректен Конституция күнімен құттықтаймын. Жерлестерге денсаулық, бақыт тілеймін, еліміз көркейе берсін, – деді Руслан Сыздықов.
Салтанатты жиын ведомствоның Мәдени орталығы өнерпаздары және үрлемелі оркестрі дайындаған шағын концертпен аяқталды. Іс-шара аяқталысымен полицейлер жұмыс орындарына асықты, жерлестерінің қауіпсіздігін сақтау үшін мерекелік күндерді тәртіп сақшылары жұмыста өткізеді.