Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталған азамат шартты мерзімінен бұрын босатылды

СҚО-да сотталған азамат шартты мерзімінен бұрын босатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев аудандық сотында бас бостандығын шектеуге сотталған азамат Н.-ға қатысты мерзімінен бұрын шартты босату туралы ашық сот отырысы өтті. Оған СҚО бойынша ҚАЖД Тимирязев аудандық пробация қызметінде есепте тұратындар, осы қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер шақырылды.

Осы сот отырысында сотталған өз жазасын өтеу мерзімінен бұрын босатуды өтінді. Жазаны өтеу кезінде қойылған шарттар мен тәртіпті бұзбағанын, жазаны өту үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынғанын айтты, сондай-ақ жасаған қылмыс бойынша кінәсін мойындады. Жәбірленушінің пікірі де тыңдалды, ол сотталғанды мерзімнен бұрын босатуға қарсы емес екендігін жеткізді. Сонымен қатар, пробация қызметінің инспекторының берген мінездемесі тыңдалды.

Тимирязев аудандық сотының қаулысы бойынша бас босандығын шектеу жаза өтеуден шартты мерзімінен бұрын босатылды.

Жылдың басынан бері СҚО бойынша пробация қызметі бөлімінде 94 есепте тұрған мерзімінен бұрын босатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру