СҚО-да сотталған түрмеге экстракциялық апиын өткізбек болды
СҚО-да сотталған түрмеге экстракциялық апиын өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖД қарасты ЕС-164/9 мекемесінде бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу үшін мекемеден тыс жерге шыққан 44 жастағы сотталған К.-ды тексеру кезінде одан ерекше иісі бар мөлдір сұйықтық табылып, алынды.
ЕС-164/9 мекемесінің әкімшілігімен СҚО ПД Қызылжар ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды, оның нәтижесі бойынша аталған факт СДТБТ тіркелді. Сот-химиялық сараптамаға сәйкес, сотталған мекеме аумағына заңсыз кіргізуге тырысқан сұйықтық жалпы салмағы 0,009 грамм болатын «экстракциялық апиын» есірткісі болып шықты.
ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотталған К. ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. СҚО Қызылжар аудандық соты оған 15 АЕК көлемінде 45 945 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Жылдың басынан бері бұл сотталғандардың Солтүстік Қазақстан облысы мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды алып өтуінің үшінші әрекеті.