СҚО-да сотталғандар арасында “Қысқы шабыт – 2024” облыстық байқауы өткізілді
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде “Қысқы шабыт – 2024” сотталғандар арасында облыстық суреттер, қабырға газеттері, қардан жасалған фигуралар мен өлеңдер байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазылар алқасының құрамында ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Сүлейменов, журналист, ақын және жазушы Кирилл Филонов, суретші Александр Листопадний болды.
Қаңтар айында “Қысқы шабыт – 2024” байқауы облыстық ҚАЖД-ға қарасты мекемелердің базасында өткізілді. Бүгінгі іс-шараға мекемелер деңгейінде жүлделі орындарға ие болған сотталғандардың жұмыстары ұсынылды.
Сотталғандарға “Қысқы ертегі”, “Қар патшалығы”, “Менің жаңа жылым” және т.б. тақырыптар тағайындалды.
Байқау төрт кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең – қабырға газеттері;
Екінші кезең – суреттер;
Үшінші кезең – өлеңдер;
Төртінші кезең – қар фигуралары.
Облыстық конкурсқа қатысу сотталғандарға мекемеден тыс жерде өзін, өз әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге, салауатты бәсекелестікті сезінуге, дағдыларды дамытуды жалғастыруға, өз-өзін тәрбиелеумен айналысуға мүмкіндік береді. Ал әкімшілікке бұл сотталғандар арасынан дарынды суретшілерді, ақындарды, мүсіншілерді анықтауға көмектеседі.
Конкурстың мақсаты – сотталғандарды түзету, заң талаптарын сақтау, еңбекке, пайдалы қызметпен айналысуға, білім алуды, мәдени деңгейді арттыруды, таланттар мен дағдыларды дамытуға ұмтылысты қалыптастыру.
Жеңімпаздарды жария ету үшін сөз СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Тамара Прокофьева-Ваулина берілді.
– Бүгінгі іс-шарамыз жоғары деңгейде өтті. Қазылар алқасының мүшелеріне біздің іс-шараға қызығушылық танытқаны және қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Байқау жеңімпаздарын жариялауға рұқсат етіңіз. Барлық ұпайларды санау арқылы орындар келесідей бөлінді:
1-орын – №50 мекемесі;
2-орын – №52 мекемесі;
3-орын – №48 мекемесі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыс пен өркендеу тілейміз, – деп сөзін аяқтады Тамара Прокофьева-Ваулина.