Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полицейлері саяжай алаптарынан ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады

Ақтөбе облысының полицейлері саяжай алаптарынан ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға облыс орталығының екі тұрғыны саяжайдағы үйінен тұрмыстық техника мен жеке заттар ұрланғаны туралы арызданды. Жедел іс-шараларды өткізу барысында 21 жастағы жас жігіт анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Күдіктінің екі саяжайдан тұрмыстық техника мен жеке заттарды ұрлап ломбардқа тапсырып үлгергені және оның бір бөлігін бейтаныс адамдарға сатқаны анықталды. Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша полиция балық аулау құралдарын, кір жуғыш машинаны және киімдерді тәркіледі. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде және ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру