СҚО-да сотталғандар шаш сәндеу бойынша шеберлік сабағына қатысты
СҚО-да сотталғандар шаш сәндеу бойынша шеберлік сабағына қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл әйелдер колониясында сотталғандарды кәсіптік оқыту және табысты қайта әлеуметтендіру шеңберінде СҚО бойынша ҚАЖ департаментімен "Сәндеу өнері: классикадан трендтерге дейін" тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды. Мастер-класс өткізуге 10 жылдан астам тәжірибесі бар әмбебап шаштараз Екатерина Виль шақырылды. Көрнекі мысал үшін модель ретінде екі сотталған таңдалды.
Бірнеше сағат бойы тәжірибелі шаштараз өзінің білімі мен дағдыларымен бөлісті. Мастер-класс барысында әйелдерге олардың даралығын баса көрсету және бет әлпетін ерекшелеу үшін шашты дұрыс сәндеуді үйретті. Сотталғандарға бюджеттік, бірақ сонымен бірге косметикалық өнімдер мен электр құралдарының сапалы ассортименті ұсынылды.
Сонымен қатар әйелдер шашты сәндеудің әртүрлі әдістерін зерттеді. Мысалы: бұйра әдіс, қысқышпен, шаш кептіргішпен, бұйралағыш үтікпен сәндеу және басқалар. Мастер-класс қатысушылары қажетті нәтижеге жету үшін шашқа қалай дұрыс күтім жасау керектігін және құралдар мен сәндеу өнімдерін қолдануды үйренді. Іс-шараға қатыса отырып, сотталғандар өзгеруге мүмкіндік алды. Іс-шараның соңында барлық қатысушылар сертификаттар алды.
Бірақ бұл мастер-класстағы ең маңыздысы — сыртқы келбетті өзгерту ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың өзін-өзі бағалауы мен сенімділігін арттыру. Тіпті темір тордың артында болса да, олардың әдемі болып көрінуі және әйелдік күшін көрсетуі мүмкін екенін білу, олар үшін жақсы болашаққа деген үмітті сақтауға көмектесетін нағыз жетістік болды.