СҚО-да түрме аумағына телефондар мен sim-карталарды лақтырмақ болған күдікті ұсталды
СҚО-да түрме аумағына телефондар мен sim-карталарды лақтырмақ болған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕС-164/8 мекемесінің жеке құрамымен тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетіне жол берілмеді. Мекеме аумағында орналасқан бейнекамералардың көмегімен күдікті С.есімді азамат ұсталды.
Мекеме қызметкерлерімен жедел-тергеу тобы шақырылды. Бұдан әрі мекеме аумағында айналымға тыйым салынған заттар, яғни ұялы телефондар мен sim-карталар анықталып, тәркіленді.
С.есімді азаматты СҚО Айыртау аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі (Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
– Бұл жыл басынан бері СҚО мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды лақтыруға әрекет жасаудың екінші фактісі. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мекеме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырған жағдайда азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз. Бұл ескерту немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты тәркілей отырып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, – деді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.