Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-дағы колонияға жеке кәсіпкерлер бірнеше телефон өткізбек болды

СҚО-дағы колонияға жеке кәсіпкерлер бірнеше телефон өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 4 мыңға жуық сотталғанды жұмыспен қамтамасыз ететін 287 шағын және орта бизнес кәсіпорны жұмыс істейдіТыйым салынған заттарды жеткізу арналарының жолын кесу мақсатында ҚАЖ комитеті тексеру топтарын күшейту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді.

Өткен тәуліктің өзінде республиканың екі мекемесінде тыйым салынған заттарды алып жүруді жоспарлаған жеке кәсіпкерлердің өкілдері ұсталды.

Мәселен, 12 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №48 мекемесінде жедел және режимдік бөлімнің қызметкерлері өздерінің қауіпсіздік тобымен бірлесіп, жеке кәсіпкерліктің бірінің директорының құрылыс материалдарын тексеру барысында бірден 8 телефон, 8 SIM-карта, 2 қуаттағыш және 5 жұп құлаққап тапты.

Сол күні №28 мекемеде автокөлікті тексеру кезінде өсімдік тектес заттары бар екі байлам табылдыОқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Мобильді құрылғылар мен тыйым салынған заттар тәркіленді. Тыйым салынған заттарды жеткізуге тырысқан азаматтар жауапқа тартылды.

​Еске сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар мен басқа да бұйымдар бергені үшін әкімшілік жауапкершілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру