Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның полицейі өзі және қызметі жайлы айтып берді

Солтүстік Қазақстан облысының полициясында 21 ұлттың өкілі қызмет атқарады. Қызметкерлердің бірі – Раиса Зуева. Polisia.kz редакциясы ел тыныштығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген Раиса туралы ақпаратты ұсынады.

Раиса Зуеваның әжесі – поляк, әкесі – орыс, анасы – қазақ.

– Біздің үйде қазақтың ұлттық дәстүрінің орны бөлек. Біз Айт мерекесін атап өтеміз, анам қазақтың ұлттық ет тағамы мен бауырсақ дайындайды. Бірақ мен де, сіңілім Венера мен інім Әмір де, өзімізді бірден екі ұлтқа тиесілі сезінеміз, – дейді полицей ару.

Раиса полиция қызметкері боламын деп шешім қабылдағанда, ата-анасы бастапқыда қарсылық танытқан. Әкесі “егер қолыңнан келсе, қызмет ет” деп кейін келе рұқсатын берген екен.

3 жылдан бері ол құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін атқарып келеді. Бұл кезеңде ол қиын және нақты қызмет саласын алғанымен, бірде-бір рет өзінің жасаған таңдауына өкінген емес. Петропавл қаласы ПБ қабылдағыш-таратушысында жұмыс жасайды. Мұнда күн сайын үйі жоқ адамдар жеткізіледі, саусақ іздері көшіріледі, іздеушілер мен хабар-ошарсыз кеткендердің есебімен тексеріледі. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен жұмыс істеу – мұқият болуды, шыдамдылық пен ұқыптылықты, кез келген адам, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, ең алдымен адам екенін түсінуді талап етеді.

– Мәртебеге қарамай, адами қасиеттерді бағалау – біздің бала кезімізден бастап үйренген дүние. Қазақстан халқының бірлігі күні – мен үшін ерекше күн. Менің жеке тағдырым мен ортақ Отанымыздың тағдырының бірлігін сезінуге мүмкіндік беретін отбасылық мереке, – деді Раиса Зуева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру