Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 500-ге жуық қаруды сақтау қағидаларын бұзуды анықтады

Жыл басынан СҚО полицейлері 500-ге жуық қаруды сақтау қағидаларын бұзуды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда СҚО-да 7172 азаматтық қару иесі, оларда 12145 бірлік қару, оның ішінде 1033 ойық ұңғылы қару бар. Қаруды сақтау шарттарын тексеру үшін полицейлер әр қару иесінің үйіне барады. Бұл жазатайым оқиғалар қаупін, сондай-ақ қаруды ұрлауды және оны одан әрі қылмыстық мақсатта пайдалануды азайту үшін істеліп жатыр. Сондай-ақ жыл басынан тәртіп сақшылары үш “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Төртінші ЖПІШ қыркүйекте өткізу жоспарланды. Олар қауіпсіз сақтау шарттарын сақтауға және тіркелмеген қаруды сақтау фактілерін анықтауға бағытталған.

– Қару мен оқ-дәрілерді белгіленген талаптарға сәйкес мықтап бекітілген сейфтерде сақтау қажет, — деп еске сала кетті СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев. — Қала мәртебесі берілген елді мекендерде тұратын қару иелері сигнализация орнатуы міндетті. Сейфте бөгде заттар: құнды заттар, ақша немесе құжаттар, қаруға берілген құжаттар және тағы басқаларды сақтауға тыйым салынғанын еске саламыз. Жыл басынан сақтау қағидаларын бұзғаны үшін СҚО-да 493 адам жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, әр бес жыл сайын қаруды қайта тіркеу қажеттігін иелері ұмытып жатады. Мерзімдерін бұзған 172 солтүстікқазақстандық жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, сегіз айда 46 бірлік тіркелмеген тегіс ұңғылы қару тәркіленді. Тәртіп сақшылары аталған құқық бұзушылық әкімшілік жауапқа тартылуға әкелетінін естен шығармауды сұрайды. Ойық ұңғылы қаруды заңсыз сақтау қылмыстық заңнамамен қаралады. Тіркелмеген қаруды ерікті тапсырған жағдайда жауапкершілікке тартылуға әкелмейді. Айта кететін болсақ, жыл басынан солтүстікқазақстандықтар ерікті түрде полицияға жеті бірлік қару тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру