Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнгі уақытта заңсыз қару алып жүрген шымкенттік анықталды

Түнгі уақытта заңсыз қару алып жүрген шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің инспекторлары Н. Аманов пен Е. Ақылбек түнгі ауысымнан шығады. Жолда күдік тудырған бір топ адамды байқап, жандарына барып, мән-жайды сұрастырады. Азаматтардың бірінде артына жасырып тұрған, қаруға ұқсас затты байқаған тәртіп сақшылары тез арада “102” нөміріне хабар береді. Аталған жайт 12 қыркүйек күні түнгі сағат 02:00 шамасында орын алған. 

Тәртіп сақшылары қаруды қайдан алғанын анықтау мақсатында ер адамды тиісті басқармаға жеткізді. Тексеру амалдары жүргізілуде. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру