Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері әйелге ҚР азаматтығына қатыстылығын анықтауға көмектесті

СҚО полицейлері әйелге ҚР азаматтығына қатыстылығын анықтауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер тұрғындарды көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға шақырады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көбінесе шетелдіктер тіркеу мерзімін өткізіп алып жатады. Ал қабылдаушы тарап өздеріне келген шетелдіктер туралы көші-қон қызметін уақытылы хабардар етпейді. Көбінесе елде 30 күн тұруға рұқсат етілген Қазақстан Республикасының қонақтары келесі күндері тіркеле алады деп есептейді. Бұл қате: тіркеусіз 31-ші күн бұзушылық болып саналады, бұл сот шешімі бойынша ескерту жасауға, айыппұл салуға немесе бұзу мерзіміне байланысты елден шығарып жіберуге әкеп соғады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбіловтің айтуы бойынша полиция қызметкерлерімен күн сайын шаруа және фермерлік қожалықтары, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, құрылыс нысандары, базарлар мен шетелдіктердің болуы ықтимал басқа да жерлерін тексеруді жүзеге асырады. Тексерістердің басты мақсаты – көші-қон заңнамасы бұзушылықтарын, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілерін анықтау және жолын кесу.

Мысалы, Петропавл базарларының бірінде заңсыз еңбек етіп келген Өзбекстан мен Тәжікстанның төрт азаматы анықталды. Олардың біреуі көші-қон заңнамасын бір жыл ішінде бірнеше рет бұзғаны  да белгілі болды. Сот шешімі бойынша ол 5 жыл мерзімге елден шығарылды. Қалғандары 2 тәуліктен 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.

– Сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдарды өздерінің құқықтық мәртебесін реттеуге шақырамыз. Қаңтар айының соңында Ақжар аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне отбасылық жағдайына байланысты жеке құжаттары, тіпті туу туралы куәлігі болмаған 37 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Азаматтықты анықтау үшін өзінің туған жері Ресей Федерациясына және осыған дейін тұрған Алматы облысына сұраулар салуға тура келді. Қазіргі уақытта азаматтықты анықтау рәсімі аяқталып, Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау туралы қорытынды енгізілді. Жеке куәлік алу үшін құжаттар берілді, – дейді Талғат Әбілов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру