Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері бесінші сынып оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді

Мектеп қауіпсіздігі – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Турникеттер, бейнебақылау, күзет оқу орындарының техникалық нығаюын қамтамасыз етеді. Бірақ мектеп қабырғасынан тыс жерде қауіп төнсе ше? СҚО полицейлері қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы орта буын оқушыларымен сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері №10 мектептің бесінші сынып оқушыларына арнайы келді. Тәртіп сақшылары балалармен бірқатар ықтимал жағдайларды талқылады. Егер бейтаныс адам, адамдар жоқ жерде жүрсе, не істеу керек? Егер бейтаныс адам өзімен бірге шақырса, қалай әрекет ету керек? Полицейлер үш негізгі кеңес береді: жақындамаңыз, қашыңыз, көмекке шақырудан ұялмаңыз.

Төтенше жағдайда балаларға ересек адамның қолынан шығуға мүмкіндік беретін бірнеше амалдар көрсетілді. Сондай-ақ полицейлер кез келген ықтимал қауіп және басқалардың күдікті мінез-құлқы туралы бірден құрдастарына, ересектерге: ата-аналарға, мұғалімдерге дереу хабарлау керек екенін айтты.

– Кез келген жағдайда ең бастысы — қобалжуға жол бермеу. Дүрбелеңді болдырмау үшін қауіпсіз мінез-құлық ережелері оларды автоматизмге жеткізу үшін үнемі қайталап отыру қажет. Мұны тәрбиешілер де, ата-аналар да ескеруі керек, – дейді сабаққа қатысушы, СҚО ПД АЖДБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Игорь Левин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру