Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері ЕҚЫҰ өкілдерімен киберқылмысқа қарсы күрестің болашағын талқылады

СҚО полицейлері ЕҚЫҰ өкілдерімен киберқылмысқа қарсы күрестің болашағын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz

СҚО ПД аппаратының жедел және тергеу бөліністерінің қызметкерлері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның бағдарламалар офисінің өкілдерімен кездесті.

Департамент қонақтары әскери-саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесші Ярослав Курек және кеңесші Эльмира Хисамутдинова болды. Олар киберқылмысқа қарсы күресте Қазақстан Республикасын қолдау жөніндегі жоба туралы айтып берді. СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровтың төрағалығымен өткен кездесу барысында полиция қызметкерлері тәжірибелерімен және тәжірибеде әзірленген ұсыныстармен бөлісті.

– Солтүстік Қазақстанның тәжірибесін ескере отырып, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бірінші орында тұр. 10 ай ішінде облыста осындай 649 қылмыс тіркелді. Кем дегенде үштен бір жағдайда күдіктілер шетелде болған. Сондықтан ең өзекті мәселелердің бірі — мемлекетаралық деңгейде өзара іс-қимылды оңтайландыру. Алайда киберқылмыс ұғымы желідегі алаяқтықпен шектелмейді. Жоба аясында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың барлық түрлерін ашу және алдын алу бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға дайындық жасау жоспарланып отыр, – деді Руслан Назаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру