Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда таныстарын алдап, 7 млн теңгені иемденген алаяқ сотталды

Петропавлда таныстарын алдап, 7 млн теңгені иемденген алаяқ сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алаяқтардан сақтанудың ең тиімді амалы – қырағылық таныту. Полицейлердің айтуынша, тіпті жақын адамдардың өзі қаскөйге айналып жатады.

Петропавлдың 24 жастағы тұрғыны 2018 жылдан бері түрлі сылтау айтып, өз таныстарынан ақша алып келген. Біреуінен шетел банкінде қомақты қаражаты барын, ол ақшаны шешу үшін міндетті төлем мен пеня төлеу қажет екендігін айтып, қарыз алған. Келесі біреуінен көлігін жөндеуге, кейін басқасын алуға, оны қайта тіркеуге қарызға ақша сұраған. Тіпті танысының бірінің банк реквизиттерін және қосымшасының құпия сөзін алған, бұл алаяқтың несие ресімдеуіне мүмкіндік берген. 2021 жылы тағы бір танысынан туысын жерлеу рәсіміне деп ақша сұраған. Алаяқ барлығы жеті адамды алдаған. Келтірілген шығын 7 млн теңгеден асады.

– Тергеу барысында қаскөй алаяқтық жолмен тапқан ақшасын құмар ойынға жұмсағанын айтты. Ойнаған сайын қарызы көбейе түскен, бұл оны жақын таныстарының қаржылай және құқықтық сауатсыздықтарын пайдаланып, ақша алудың жаңа айла-амалдарын ойластыруға итермелеген. Қазіргі уақытта ол 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуде. Қаржы мәселесіне келгенде аса абай болуға кеңес береміз, құпия деректеріңізді ешкіммен бөліспеңіздер, – дейді Петропавл қаласы ПБ тергеу бөлімінің бастығы Нұржан Омаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру