Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері Көкшетауда өткен сайыста көрермендердің көзайымы болды

СҚО полицейлері Көкшетауда өткен сайыста көрермендердің көзайымы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясының мерейлі жылы ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау мақсатында 12-ші «Парасатты полицей» республикалық конкурсы өтті. Полиция қызметкерлері шығармашылық форматта өткен сайыста өздерінің ішкі істер органдарындағы қызмет жолдарын және оның ерекшеліктерін мемлекеттік тілде айтып берді.

Мәселен, петропавлдық полиция учаскелік инспекторы Зарина Елубаева өзінің әскери отбасында өскенін, бала кезінен өмірін қоғам мен мемлекетке қызмет етусіз елестете алмайтынын айтты. Қатысушылар сахналық образдарымен жұмыс жасап сайысқа зор дайындықпен келді. Н. Погодин атындағы орыс драма және С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрлары ұжымдарының режисерлары, хореографтары көмек көрсетті. Республикалық конкурстың нәтижесі – «Көрермен көзайымы» номинациясы.

– «Парасатты полицей» – полицейлер өміріндегі маңызды имиджді оқиға. Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізілетін бұл сайыс, полицейлердің имиджін көтеріп қана қоймай, қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауға зор үлесін қосады. Биыл солтүстікқазақстандық полицияның командасы тек қыздардан тұрды. Команда да түрлі ұлт өкілдерінен құралды: екі қазақ, татар, украин және орыс. Қыздар қазақ тілін жетік біледі, жұмыста еркін қолданады, халықпен байланыс жасаған уақытта қиындық тудырмайды, – дейді СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру