СҚО полицейлері оқушылар үшін “Жолда қабылдау” акциясын ұйымдастырды
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының полицейлері “Жолда қабылдау” республикалық акциясының екінші күнін мерекелік көтеріңкі көңіл-күйде өткізді. Акция балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және барлық азаматтың жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екені туралы мәлімдеме желісімен өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясының аумағында өткізілген акцияға жас жол қозғалысы инспекторлары жасағының мүшелері, аудан мектептерінің оқушылары, ата-аналар және барлық тілек білдірушілер қатыста алды.
Олардың алдында аудан әкімінің орынбасары Азамат Шәріпов, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Мәдиев, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жанат Рақметов сөз сөйледі. Мектеп-гимназияның аумағында ашылған “Жолда қабылдау” пунктінде булаевтықтар жергілікті полиция және көші-қон қызметтері, сондай-ақ әкімшілік тәжірибе желісінде жұмыс істейтін облыстық және аудандық полиция басшыларынан, сондай-ақ қызметкерлерінен қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес ала алды.
Бұл күн кеңес беру акциясынан басқа шығармашылық байқаулар, жол қозғалысы ережелері бойыгша білім нығайту сабақтарын және тағы басқа қызықты іс-шаралармен балалардың естерінде ұзақ уақытқа сақталып қалады. Байқау соңында балаларға тәтті-дәмді сыйлықтар табысталды. Полицейлер қажетті техникалық жабдықтармен жабдықталған оқу орнының қауіпсіздік жүйесін қосымша қарап шықты.
– “Жолда қабылдау” акциясы тұрақты түрде өткізіліп тұрады, іс-шараның басты мақсаты – халыққа ақпарат, кеңес беру, сондай-ақ ішкі істер органдарының құзыреті шеңберінде мәселелерді анықтау және шешу. Акцияға барлық қалалық және аудандық полиция басқармасы мен бөлімі қатысуда. Халықтың қолайлылығы үшін полицияның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында тікелей эфирлер арқылы сұрақтарға жауап беріледі, сондай-ақ Call-орталық жұмыс істейді. Акцияның бірінші күнінің қорытындысы бойынша облыс тұрғындарынан жол қозғалысын ұйымдастыру, автомобиль жолдарын күтіп ұстау, жол белгілерін орнату, белгілер қою және көші-қон заңнамасы бойынша 47 сұрақ келіп түсті, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.