Павлодар облысының полицейлері тұрғындардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді
Павлодар облысының полицейлері тұрғындардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ашықтық қағидатын нығайту мақсатында Павлодар облысының полицейлері облыс тұрғындарының сұрақтарына тікелей эфирде жауап бере отырып, “Жолда қабылдау” республикалық акциясын өткізеді.
Акцияның бірінші күні 400-ден астам азамат құқықтық көмек алды. Полиция мотоцикл әуесқойлары үшін жол жүру ережелерін түсіндіруге ерекше назар аударды. Сондай-ақ көші-қон заңнамасы және полицияға жұмысқа орналасу мәселелері туралы тікелей эфирде айтып берді.
Шетел азаматының Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелері жиі қойылатын сұрақтар болды. Мысалы ауыл тұрғыны қызметкерлерге оның жұбайы Ресей Федерациясының азаматы үшін тұруға ықтиярхат туралы өтінішпен жүгінді, көші-қон қызметі тобы қажетті құжаттардың тізімін түсіндірді. Айта кету керек, абоненттердің әрбір өтінішіне толық жауап берілді.
Көптеген Instagram қолданушылары полицияның жұмысы үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар полицейлер азаматтарға өздері көрген барлық құқық бұзушылықтарды суретке, видеоға түсіруді, сондай-ақ оларды департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларына жіберуді ұсынды.
Тәжірибе көрсеткендей, бұл акция азаматтарға көмек көрсетудің тиімді әдістерінің бірі. Өйткені, халықпен кері байланыс – полиция департаментінің барлық бөлімшелері үшін маңызды. Полиция жұмысындағы басты басымдық барлық хабарламаларға онлайн-форматта жедел ден қою.