Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері волейболдан жарысқа қатысты

Солтүстік Қазақстан облысында “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы спартакиадасының екінші түрі өтті. Құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері волейбол алаңында мықтыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарысқа барлығы 11 команда қатысты.

Жеребе тастау нәтижесі бойынша облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің командалары бір топқа түсті. Жарыстың басында жақсы нәтиже көрсеткен осы екі команда өздерін жеңіске негізгі үміткерлер ретінде көрсете бастады.

Алайда полицейлер ұпай саны жағынан жеңіліс тауып, жарыстан шығып қалды. Осылайша бірінші орынға ҰҚКД командасы ие болды. Екінші орын ҚР Ұлттық ұланы академиясына бұйырды. Үшінші орынға жақсы ойын өрнегін көрсетіп, барын салған Аққайың ауданының командасы тұрақтады. Бұдан бөлек, СҚО ПД командасының ойыншысы Константин Шалькин “Үздік шабуылдаушы”, ал ҰҚКД қызметкері Александр Алиев “Үздік ойыншы” номинациясын иеленді.

“Динамо” ДШСҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Туғанбаев погон таққан спортшыларға кубоктар мен бағалы сыйлықтар тарту етті. Спартакиаданың үшінші түрі – атыс қаруынан оқ ату сәуір айында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру