Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырды

Талдықорғанда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара балаларды құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру арқылы мәдени және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

– Кішкентай қонақтар милиция мен Жетісудың негізін қалаушылардың бүкіл тарихын қамтитын департамент мұражайын аралады. Балаларға жедел басқару орталығының жұмысымен танысуға мүмкіндік берілді. Оларға “102” дабыл желісіне қоңыраулар қалай түсіп тіркелетіні және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарып жүрген жасақтардың іс -қимылдары қалай үйлестірілетіні көрсетілді, – дейді ПД бастығының орынбасары Мадияр Омаров.

Күндіз-түні азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшылары балаларға өз жұмыстары жөнінде әңгімелеп, құқық бұзушылықтар қалай анықталатыны туралы айтты. Техникалық жарақтандыруды көрсетіп, орталықтың басты мақсатын түсіндірді. Балалар бейнебақылау жүйесінің басқару пульттерінің көмегімен қаланың қозғалысын алақандағыдай бақылау мүмкіндігінен ұмытылмас әсер алды. Адамдар көп жиналатын жерлерде орнатылған “SOS” дабыл түймелерінен шақырулар қалай келіп түсетінін көрді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру