Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясының жас көмекшісі ТМД-ның үздік студенті атанды

Полицияның “Жас Қыран” студенттік көмекші жасағының мүшесі Ербол Смағұл ТМД-2024 үздік студенті атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ербол Смағұл І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 3-курс студенті. Бала кезінен ғылым адамы болуды армандап, өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылып отырған. Туған жері Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылы.  Жастайынан білікті дәрігер боламын деген мақсаты бар.

– Кейбір студенттердің полиция жас көмекшілері жасағының мүшелері екенін біліп, мен еш ойланбастан олардың қатарына кірдім. Қоғамға көмектесу – кез келген адамның басты миссиясы деп санаймын, – дейді Ербол.

Ербол Смағұл президенттік стипендия иегері, екінші жыл қатарынан “Жас қыран” студенттік қозғалысының белсенді еріктісі. Көмекші жасақтың басқа студенттерімен бірге ол құқық қорғаушылар ұйымдастыратын көптеген профилактикалық іс-шаралар мен жұмыстарға қатысады.

– Әл-Фараби данамыздың: “Ғылыммен айналысқысы келетін адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет ету керек” – деген сөздері менің өмірлік принципіне айналды. Болашақта оқуды жалғастырып, өз халқыма пайда әкелгім келеді. Менің үздік студент атануыма ата-анамның, мектеп мұғалімдерінің, университет оқытушыларының сіңірген еңбегі орасан. Бірақ мен үшін үздік атану маңызды емес. Ең бастысы бұл әлемге адам болып келу, адам болып қалу, қоғамға пайда әкелу, –дейді жас студент.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру