Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жүк көлігін есірткілік масаң күйде басқарған жүргізуші ұстады

СҚО полицейлері жүк көлігін есірткілік масаң күйде басқарған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түн жарымда М. Жұмабаев ауданының аумағында жүргізушілердің бірі КамАЗ көлігін сенімсіз жүргізіп келе жатқан жүргізушіні басып озуға қауіптенетінін және көлік тізгігінде мас адам отыруы мүмкін екенін айтып, полицияға хабарласқан. СҚО Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны бұл хабарламаны қабылдап, бірден сол маңға аттанды.

Челябі — Новосібір республикалық маңыздағы автожолының 611 шақырымында жүк көлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Алкогольдің иісі болмаған, алайда жүргізушінің мінез-құлқы полицейлерге күмәнді көрінді. Ер адам медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан, өзінің жағдайын ұзақ уақыт ұйқысы қанбағандықтан деп түсіндірген. Дей тұрғанымен, тәртіп сақшылары оны Наркологиялық диспансерге жеткізген. Күдік расталды: бетон конструкциялары тиелген ауыр жүк көлігін синтетикалық есірткі қолданған адам басқарған.

– Көлік басқарған 41 жастағы Қостанай облысының тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материал жиналды. Сот шешімімен масаң күйде көлікті басқарғаны үшін оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Соңғы 4 күнде облыс жолдарында “Мас жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде масаң күйде болған 23 жүргізуші тоқтатылды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыш.

Жыл басынан барлығы 875 мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Полицейлер жол-көлік оқиғаларының ауыр салдарына әкеп соғатын осындай өрескел бұзушылықты анықтау бойынша жұмысты тұрақты жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру