Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан бері 44 із-түзсіз жоғалғанды іздестірді

СҚО полицейлері жыл басынан бері 44 із-түзсіз жоғалғанды іздестірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру – криминалдық полиция жұмысының басты бағыттарының бірі. Әрбір факті бойынша барлық сыртқы бөліністер дереу бағдарланады, көбінесе іздеуге әлеуметтік желілерде бағдарларды тарататын еріктілер қосылады. Көбінесе жоғалудың негізгі себебі – алкогольді асыра пайдалану. Мұндай жағдайларда полиция әдетте ойын-сауық мекемелерінен, жалдамалы пәтерлерден немесе ішімдікке құмар таныстарының ортасынан жоғалған адамдарды іздейді. Бұл тек ерлерге ғана қатысты емес.

9 ақпанда Петропавл тұрғыны 28 жастағы әйелінің жоғалып кеткені туралы полицияға арызданған. Келесі күні полицейлер оны құрбысының үйінен мас күйінде тапқан.

– Бұл жалғыз жағдай емес. Адамдар туыстарын “демалыс жоспарлары” туралы хабардар етпей кетіп қалады, көңіл көтеруге кедергі болмас үшін телефондарын өшіреді. Бұл полицияның іздестіру іс-шараларына айтарлықтай ресурстар жұмсауына әкеледі. Қаңтар айынан бастап облыс бойынша полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 44 өтініш келіп түсті. Олардың барлығы іздестіріліп, кезекші тәулік ішінде 42 адамның жүрген жері анықталды, — деп хабарлайды СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру