Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғындарынан заңсыз сақтаудағы қару алынды

СҚО тұрғындарынан заңсыз сақтаудағы қару алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында СҚО полицейлері заңсыз сақтаудағы қарудың бес бірлігін тәркіледі. М.Жұмабаев ауданының екі тұрғынынан тіркелмеген екі тегіс ұңғылы қару алынды.

Ауылдықтарға қатысты ҚР ӘҚБтК 482-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған бап жеке тұлғалар үшін 60 мың теңге айыппұл мөлшеріндегі жазаны қарастырады. Дәл осындай әкімшілік ықпал ету шаралары Қызылжар ауданы тұрғынына қатысты қабылданды. Ауылдықтан тіркелмеген аңшы мылтығы алынды. Оның айтуынша, мылтықты жаздыгүні көл жағасынан тауып алған, алайда полицейлерге “олжасы” жайында хабарлауға асықпаған. Тағы бір қару Есіл ауданының тұрғынынан табылған. Ол қарудың бірнеше жыл бұрын досынан қалғанын айтқан.

– Әдетте, тіркелмеген қаруды азаматтар заңмен белгіленген сақтау ережелерін бұза отырып, сақтайды, бұл өте қауіпті, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Сондай-ақ, азаматтарды қауіпті заттардан құтылып, құқықтық тәртіп органдарына тапсыруға шақырады.

Естеріңізге саламыз, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркіңізбен тапсырсаңыз, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатыласыз, егер іс-әрекетіңізде басқа қылмыс құрамы болмаса.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру