Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пробация қызметі мен аудан прокуроры сотталғандармен кездесті

СҚО-да пробация қызметі мен аудан прокуроры сотталғандармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД Тимирязев ауданының пробация қызметкерлері тұрақты негізде СҚО Тимирязев ауданының прокурорымен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесулер өткізеді.

Прокуратура ғимаратында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен кезекті кездесу өткізілді.

Онда оларға белгіленген тәртіпті және жазаны өтеу шарттарын бұзуға жол бермеу, сондай-ақ қайтадан қылмыс жасау бойынша әңгіме жүргізілді, онда сотталғандар әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылық туралы қол қойғызып, кезекті рет таныстырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру