Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО жолдарында бес күнде 27 мас жүргізуші ұсталды

СҚО жолдарында бес күнде 27 мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Демалыс күндері полиция қызметкерлері “Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!” профилактикалық рейдтерін өткізді. 14 қыркүйектен бастап облыс жолдарында өткізілетін он күндік іс-шараның негізгі міндеті – Жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарының алдын алу.

Бұзақылық, масаң күйдегі ұрыс-керістер, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер тарапынан жасалатын бұзушылықтар – түнде автопатрульдердің жұмысы қыза түседі. Басты міндет – көлік апаттары мен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің алдын алу жұмыстары нәтиже беруде: түнде облыс орталығының жолдарындағы жағдай тұрақты. Дей тұрғанымен, патрульдегі полицейлер ойын-сауық мекемелерінің жанында ащы судың әсерімен орын алатын жанжалдарға тұрақты ден қойып, қаланың түрлі аудандарынан мас жаяу жүргіншілерді ұстап әкету қажет.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, “Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!” акциясының 5 күні ішінде Жол қозғалысы ережелерінің 1674 түрлі бұзушылықтары анықталды. 27 жүргізуші көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін ұсталды; 11-і басқару құқығынан айырылды, сондай-ақ жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдаудың 2 фактісі анықталды. “Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!” рейдтік іс-шаралар тек күндізгі уақытта ғана емес, түнде де жүргізіледі; апаттылыққа тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтар анықталады. Бұл ретте анықталған бұзушылықтардың саны маңызды емес, басты міндет – жол қозғалысы қауіпсіздігін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

– Жол қозғалысының барлық қатысушыларын Жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға, маневр жасау ережелерін бұзбауға, қашықтықты сақтауға және жолда өте сақ болуға шақырамыз. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – жолдағы қауіпсіздіктің кепілі екенін есте сақтау қажет, – деп атап өтті Айдын Байматов.

Жыл басынан бері СҚО-да 193 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 25 адам қаза тауып, 287 адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру