Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сталкингке жол жоқ. Өзгенің өмірі – ойыншық емес

Абай облысында полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көп жағдайда көзге көріне бермейтін бір түрі — сталкинг туралы әлеуметтік бейнеролик дайындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ажырасу немесе қарым-қатынастың тоқтауы әрдайым бәрі бітті деген сөз емес. Кейбір жағдайда қысым көрсету басқа сипатта жалғасады: тоқтаусыз түсетін қоңыраулар, бітпейтін хабарламалар, адамды аңду, рұқсатсыз бақылау.

Мұндай әрекеттерді қамқорлық немесе жанашырлық деп қабылдауға болмайды. Бұл — адамның жеке шекарасын өрескел бұзу, оның қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін әрекет.

Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған.

Полиция азаматтарды осындай жағдайларға бейжай қарамай, дер кезінде көмек сұрауға шақырады. Әр адам қауіпсіз өмір сүруге құқылы.

Үнсіз қалмаңыз. Сіз жалғыз емессіз!
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру