Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск қаласында әйел қайтыс болған науқастың ақшасын ұрлап кетті

Степногорск қаласында әйел қайтыс болған науқастың ақшасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қарашада Степногорск қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан ұрлық туралы арыз келіп түсті.

29 қазан мен 8 қараша аралығында “Halyk Bank” банк картасынан 309 мың теңге сомасында ақша қаражаты ұрланғаны анықталды.

Банк картасы 8 қарашада қайтыс болған науқасқа тиесілі болып шықты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті әйелді анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру