Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск қаласында ер адам туысының шотынан 250 мың теңге шешіп алды

Степногорск қаласында ер адам туысының шотынан 250 мың теңге шешіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Степногорск қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 52 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты. Ер адам полицейлерге ағымдағы жылғы 28 қыркүйекте өзіне тиесілі банктік шоттан “Homebank” қосымшасы арқылы белгісіз біреулер 250 мың теңге көлеміндегі ақша сомасын ұрлап алғанын хабарлады.

Жедел-тергеу іс-қимыл барысында ұрлық жасалған күні арызданушының үйінде бірнеше қонағы болғаны анықталды, ал олар кеткеннен кейін ер адам телефонының жоғалғанын анықтады. Бірнеше күннен кейін жәбірленушінің таныстарының бірі оны жоғалған телефонын әкеліп, оны өтініш берушінің кіреберісінен тапқанын түсіндірді.

Мобильді құрылғыны тексеріп, ақша жоғалғанын анықтағаннан кейін ер адам полицияға жүгінді. Полиция жедел түрде күдіктіні анықтады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 188-баптың 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру