Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 1200-ден астам ұландық көмектесіп жатыр

Батыс және солтүстік өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 1200 ұландық белсене көмек көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою жалғасуда, су тасқынына қарсы, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар 30 эвакуациялық пункт бойынша бөлінген. Айта кетейік, бұл өңірдің құрамына 5 қала, 13 аудан және 190 ауылдық округ кіреді. Облыстың жалпы ауданы 100 мың шаршы шақырымнан аз, ал жарты миллионнан астам тұрғыны бар.

Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынынан үлкен зардаптардың алдын алу үшін Ұлттық ұланның 1200-ге жуық әскери қызметшісі полицейлер, құтқарушылар, еріктілермен бірлесіп азаматтарды эвакуациялауға белсенді қатысуда, табиғи апат аймағындағы эвакопункттерге гуманитарлық көмек жеткізуде. Сондай-ақ тонауға жол бермеу мақсатында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, су тасқыны орын алған кенттерді патрульдейді, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізеді, инертті материалдары бар қапшықтарды дайындайды және салады, су бұруды және каналдарды тазартуды жүзеге асырады.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысына 860-тан астам ұландық жұмылдырылды, жергілікті полктің 365 әскери қызметшісі, Қызылордадан 300 адам және 200 жауынгерден тұратын Шымкент жедел бригадасының жеке құрамы көмекке барды. Әскери қызметшілер жағалауды нығайтуға, қаптарды дайындауға және салуға көмектесті. 5517 әскери бөлімінің (Орал қ.) жеке құрамы, сонымен қатар тұрғындарға патрульдік-бекеттік қызмет атқарып жатыр.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Әбжанов су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылған батыс өңірі бойынша Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның күштері мен құралдарымен міндеттерді орындауды үйлестіруді жүзеге асырады.

– ТЖ режимі енгізілген сәттен бастап Ішкі істер органдарының 12 мыңнан астам қызметкері, Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері мен курсанттары еліміздің 10 өңірінде жергілікті атқарушы органдармен, ТЖ департаменттерімен және жедел штабтармен тығыз өзара іс-қимылда міндеттерді орындады. Олар суды бұру және каналдарды тазарту, азаматтарды табиғи апат аймақтарынан эвакуациялау бойынша шұғыл жұмыстарды орындады, сондай-ақ тонауға жол бермеу мақсатында су тасқынымен қамтылған аудандарда және елді мекендерде патрульдеу арқылы құқықтық тәртіп қамтамасыз етілді.

Еліміздің 8 өңірінде су тасқынына қарсы іс-шаралар мен қоғамдық тәртіпті қорғау үшін жеке құрамды тарту жалғасуда. Сондай-ақ 800-ден астам әскери және арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 6 бірлік әуе кемесі – 4 тікұшақ және 2 көлік ұшағы, – деді Бауыржан Садықұлы.

Бұдан басқа, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу және шығындарды болдырмау үшін ҚР Ұлттық ұлан академиясының курсанттары, Петропавл әскери бөлімінің жеке құрамы 6637 және елордалық 5573 әскери бөлімі тартылды. Олар инертті материал салынған сөмкелерді дайындайды және жинайды, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізеді және бөгетті нығайтады, сондай-ақ жануарларға арналған азық-түлікті түсіреді.

Айта кетейік, су тасқынына қарсы іс-шаралардың алғашқы күндерінен бастап Құқықтық тәртіп әскерлері тәулік бойы жұмыс істеп келеді, ал жалпы алғанда 3 мыңнан астам ұландық жұмылдырылған. Су тасқыны басталғаннан бері 125 әуе және автомобиль техникасы пайдаланылуда. Олар 1666 адамды эвакуациялады, инертті материалдары бар 725 мың қапшық дайындап, төселді, сондай-ақ 126 тонна гуманитарлық көмек жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру