Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр елінің сақшылары кәсіби мерекелерін атап өтті

Сыр елінің сақшылары кәсіби мерекелерін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Қай кезеңде болмасын бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткен айбынды полиция қызметкерлеріне құрмет көрсету күні болып саналатыны анық. Қызылорда облысының полицейлері ел қорғаны, тәртіп сақшысы, еліне, жеріне адал қызмет атқарып мәңгілік сапарға аттанған полиция қызметкерлерінің ерліктеріне бас иіп, 1 минут үнсіздікпен қызмет бабында қаза болған қызметкерлерді еске алды.

Сонан соң Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың құттықтау лебізі бейне үндеуі арқылы көрсетілді. Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында Ішкі істер министрінің бұйрығымен 21 қызметкер марапатталып, 7 қызметкер кезекті және мерзімінен бұрын шендерін алды.

“Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен Жамал-ад-Дин Назарбек, ҚР ІІМ грамотасымен Нагашыбай Жалғасбаев марапатталды. Мерекелік шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре ішкі істер органдарының ардагерлерін және жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, лебізін білдірді.

– Атаулы мереке қарсаңында ардагерлерді және жеке құрамды Қазақстан полициясының күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ел қорғандары болған тәртіп сақшыларына және олардың отбасыларына құт-береке, зор денсаулық, амандық тілеймін, – деді өңірдің бас полицейі.

Сонан соң департамен бастығы “Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық кітабын” ардагерлерге табыстап, жеке құрам қызметкерлерін марапаттады. Департамент бастығының бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарған, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің 269 қызметкері мен 32 ардагері, “Қазақстан Полициясына 30 жыл медалімен” 360 қызметкер және 224 ардагерлер марапатталды.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында абыройлы қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлеріне арнап Облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетті. Концертте полиция қызметкерлерінің өнерлері де тамашаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру