Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Табиғатты аялау – баршаға ортақ міндет: полиция тазалық сақтауға шақырады

ШҚО-да "Таза Қазақстан" акциясы аясында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізді.

Меновное және Аблакетка елдімекендерінің аумағын тексеру барысында өңірдің санитарлық жағдайы мен экологиялық ахуалына кері әсерін тигізетін рұқсат етілмеген тұрмыстық қатты қалдықтар үйінділері анықталды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органның атына абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыным енгізілді.

Полиция экологиялық талаптарды, тазалықты сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады.

Экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру