Тағдырлары бір арнаға тоғысқан әріптестер
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Polisia.kz редакциясы құқық қорғау органдарында қызмет ететін отбасымен таныстырмақ.
Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі саласында қызмет етіп, жұмыс барысында танысқан жандардың отбасы болғанына тоғыз жыл.
Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі саласында отбасына берік, еліне адал, қызметкерлеріміз қызмет етеді. ЗК-169/1 мекемесінде жас маман ретінде келіп, жұмыс барысында танысып, шаңырақ көтерген жанұялардың бірі – Искаковтар отбасы.
Әділет лейтенанты Батырбек Искаков өз ісіне тиянақты, қызметіне адал, жауапкершілігі мол жас маман, қызмет барысында Айжанмен танысады.
– Айжанның мінезі биязы, салмақты, бір көргеннен ұнаттым, болашақ жарымды, өмірімді Айжанмен елестеттім, отбасы құрайық деген ұсынысыма Айжан бір жылдан соң жауап берді. Шаңырақтың ұйытқысы, берекесі, отбасымен қызметін қатар алып жүрген Айжан жақсы жар бола алды. Айжан екеуміз бір-бірімізді түсініп, 2011 жылы отбасын құрдық. Шаңырақ көтергенімізге биыл тоғыз жыл болды, үш қызымыз бар. Жұмысымыздың қауырттығына қарамай бала тәрбиесіне аса мән беріп отырамыз. Ата-әже, туған-туыстық қатынасты үзбеу мақсатында, ағайындық жиын тойлардан қалмай барып жүреміз. Қыздарымыздың өнегелі, тәрбиелі болып өсуі үшін, ұлттық құндылықтарды дәріптеп отырамыз, – дейді Батырбек Искаков.