Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда шетелдік азаматты ұрып-соққан күдікті анықталды

Талдықорғанда шетелдік азаматты ұрып-соққан күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған полицейлері шетелдік азаматқа қатысты бұзақылық жасаған күдкті жас жігітті анықтады.

19 қарашада қалалық полицияға алыс шетелдің 28 жастағы өкілі жүгінді. Өз мәлімдемесінде ер адам оны қалалық супермаркеттердің бірінде ұрып-соққан белгісіз адамға шара қолдануды талап етті. Тәртіп сақшылары бір сағат ішінде күдіктіні анықтап, ұстады.

Талдықорған полициясының айтуынша, ұсталған азамат Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл жайт түнгі уақытта болған.

Қазір ҚР ҚК-нің 293-бабында көзделген қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру