Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғандық тұрғын өзінің 5 жасар қызын тонауға оқталған азаматты ұстады

Талдықорғандық тұрғын өзінің 5 жасар қызын тонауға оқталған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған дерек Талдықорған маңындағы Үйтас саяжай алабында тіркелген. 5 жасар қызын көлікте қалдырған ерлі-зайыптылар жеке үйлердің біріне кіріп кеткен. Жақын жерде жүрген ер адам баланың Oppo Reno телефонын тартып алып, сондай-ақ автокөліктің ішкі қобдишасында болған иіс суды алып, жасырынуға тырысқан. Қыздың айқайын естіген әкесі ұрыны қуып жетіп, “102” арнасына қоңырау шалып, оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырды.

– Ұсталған 22 жастағы жігіт масаң күйде болған. Бұрын ол қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтегені белгілі болды. Қазір тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп хабарлады Талдықорған полициясы.

Полицейлер күдіктіні ұстауға көмектескен батыл азаматқа алғысын білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру