Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада зейнеткердің банк картасынан шешілген ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған көршісі ұсталды

Ақмола облысында зейнеткердің банк картасынан ақша шешіп алып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған көршісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 мамыр күні Степногорск қаласының полиция басқармасына қаланың 77 жастағы тұрғынының өтініші келіп түскен. Ол 4 мамырда өзіне тиесілі банк картасынан ақша ұрланғанын хабарлады. Залал сомасы 93 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол уақытша жұмыс істемейтін, бұрын жәбірленушімен көрші болып тұрған 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Өтініш беруші денсаулығына байланысты көршісіне оның зейнетақысын банкоматтан шешіп алып келуді сұрап, картасын бергені белгілі болды.

Зейнеткер күдіктінің ұрлық қарсаңында тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы білмеген. Зейнеткердің ақшасын банк картасынан шешіп алған күдікті жасырынған.

Аталған дерекке сәйкес полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру