Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғандық жас өскіндер жол жүру ережелерін түсіндіруде

Талдықорғандық жас сақшылар патрульдеуге шықты – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол жүру ережесіне немқұрайлы қарайтын жаяу жүргіншілермен мақсатты бағытталған түсіндіру  жұмыстарын полиция қызметкерлерімен бірге кадет сыныптарының оқушылары да жүргізуде.

Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолын кесу мақсатында Талдықорған қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері № 14 орта мектеп-гимназиясының кадеттерімен бірге “Абайлаңыз, жолда балалар!” айлық іс-шарасын бастады.

“Жасыратыны жоқ, автокөлік паркі Талдықорған көшелеріндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін айтарлықтай ушықтырды. Жол-көлік оқиғасы кезінде алынатын жарақаттар ерекше алаңдаушылық туғызады,  Осыған байланысты біз жол қауіпсіздігі саласындағы айлық іс-шараны  бастадық. Акция барысында құқық қорғау органдарының жас көмекшілері жаяу жүргіншілер мен өз замандастарына көшені қалай дұрыс кесіп өту керектігін, бағдаршамды қалай пайдалану және көшеде өзін қалай ұстау керектігін түсіндіреді”,- дейді Талдықорған қаласының ПБ бастығы  Асқар Нұрсапа.

Полиция жол-көлік оқиғаларын,  оның ішінде балалар травматизмін азайту мақсатында барлық шараларды қабылдауда.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру