Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талғар ауданының полицейлері ауылдасының тауығын ұрлаған күдіктіні ұстады

Талғар ауданының полицейлері ауылдасының қорасынан бағалы тауығын ұрлаған 30 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талғар ауданының Полиция басқармасына хабарласқан Кеңдала ауылының тұрғыны қорасынан белгісіз біреулердің бір тауығын ұрлап кеткенін айтқан. Күдіктілер зардап шегушіге 12 000 теңге материалдық шығын келтірген.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен сол ауылда тұратын 30 жастағы тұрғын ұсталды. Ол тергеу барысында қылмысын мойындады және қолды болған тауықты иесіне қайтарып берді, – деді Талғар ауданы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Күнтүнов.

Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру