Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда бұрын істі болған 45 жастағы есірткі сатушы ұсталды

Таразда бұрын істі болған 45 жастағы есірткі сатушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлесіп Mercedes автокөлігін тоқтатқан.

Тінту кезінде полицейлер автокөліктің жүк салғыш бөлігінен 45 жастағы саңырау-мылқау жолаушыға тиесілі спорттық сөмкенің ішінен ерекше иісі бар есірткіге ұқсас зат табылды.

Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 6 келі 30 грамм кептірілген марихуана және 12 бумада оралған салмағы 413 грамм болатын гашиш есірткі заты болып шықты.

Ер адам есірткі заттарын Шымкент қаласының аумағында сатпақ болған.

Күдікті бұрын есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін істі болған.

– Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясына сәйкес мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді  Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру