Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері есірткі сатқан қылмыскерді құрықтады

Абай облысының полицейлері есірткі сатқан қылмыскерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық құқық бұзушылар сот төрелігінен қашуға тырысып, басқа облыстар мен қалаларға кетіп, ауылдық жерлерде жасырынуға тырысады. Оларды іздеу-криминалдық полицияның негізгі бағыттарының бірі.

26 қаңтар күні Абай облысының жедел уәкілдері өткен жылдан бері Семей қаласында жасалған есірткі заттарын өткізу күдігі бойынша іздеуде жүрген тұрғынды ұстады.

Бұған дейін, 2022 жылдың 16 мамырында ПБ полиция қызметкерлері күдіктіні есірткімен заңсыз айналысқаны үшін ұстаған болатын. Ешқайда кетпеу түріндегі қолхатпен жүрген азамат тергеушілерден жасырынып қалған болатын.

Жедел ақпарат бойынша Абай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының полицейлері Семей қаласында іздеуде жүрген 54 жастағы қылмыскерді ұстады, қазір ол УҰИ-ға қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру