Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда көлік жуу орнынан жасырын ақша ұрлағандар ұсталды

Таразда көлік жуу орнынан жасырын ақша ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Полиция басқармасының бірінші полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны белгісіз адамдардың оның көлік жуу орнына заңсыз кіріп, сейфті бұзып, 500 мың теңге көлеміндегі ақшасын жасырын түрде ұрлап кеткендігі туралы шағымданды.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Жамбыл ауданы мен Тараз қаласының тұрғындарын анықтап, ұстады. Екеуі де 2004 жылы туған. Олардың бірі осы көлік жуу орнының қызметкері болып істейді. Күдіктілер өз кінәларын толық мойындады. Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы қылмысты жасаған үшінші серіктес іздестіріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру