Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда оқушылар арасында есірткіге қарсы сурет байқауы өтті

Таразда оқушылар арасында “Есірткіге қарсымыз” атты сурет байқауы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының И. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Есірткіге қарсымыз” тақырыбында суреттер байқауын өткізді.

Байқауға 30 оқушы қатысты. Оларға салауатты өмір салты туралы өз көзқарастарын көрсету ұсынылды. Балалардың басты міндеті есірткіге тәуелді тұлғаның көзқарастарына қарсы тұратын құндылықтар – денсаулыққа ұқыпты қарау, мейірімділік, гуманизм, толеранттылық, жауапкершілік, мейірімділік және жақындарға құрмет көрсететін суреттер салу болды.

Қазылар алқасы жұмысты бірнеше критерийлер бойынша бағалады, олардың бастысы – мәлімделген тақырыпты ашу тереңдігі.

– Мұндай іс-шаралар есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде ұдайы өткізіліп тұрады. Ең бастысы, жастардың өзі осы шараға белсенді қатысады. Біз оқушылармен салауатты өмір салтының артықшылықтары, жасөспірімнің ағзасы мен психикасына синтетикалық есірткіні қолданудың ауыр зияны туралы әңгімелесеміз, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.  

Полиция қызметкерлері шығармашылық сайысқа қатысқан балаларға алғыстарын білдірді. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру