Таразда психикалық ауытқуы бар ер адам бағанға мініп алған
Таразда психикалық ауытқуы бар ер адам бағанға мініп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 сәуірде полицияға Тараз қаласының Орталық стадионында орналасқан биік бағанға облыс орталығының тұрғыны мініп, төменге түспей жатқандығы туралы хабарлама түсті.
Аталған орынға Тараз қаласының прокуроры Ж.Сматов пен Полиция басқармасының бастығы А.Заурбеков жетіп, арнайы құралмен жоғары көтеріліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 43 жастағы азамат жерге түсіп, қазіргі уақытта тиісті іс-шаралар қабылдануда.
Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен қажетті жұмыстар атқарылды.
Полиция қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін аумақ дер кезінде бақылауға алынды. Зардап шеккендер жоқ, оқыс оқиғалардың орын алуына жол берілген жоқ.
Аталған азаматтың Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында есепте тұратындығы анықталды.