Таразда сотталған әйел бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті
Таразда сотталған әйел бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Таразда жазасын өтеуші алматылық әйел бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті. ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен екі жылға бас бостандығынан айырылған азаматша өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты №26 мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің қызметкерлерінің ұйытқы болуымен ол Skype бейнебайланыс жүйесі арқылы жанұясымен сөйлесуге мүмкіндік алды.
Бейнебайланыс барысында азаматша отбасы мүшелерінің жағдайын біліп, амандығынан хабардар болды.
Айта кетейік, арнайы контингенттің бейнебайланыс арқылы жақын-жуықтарымен сөйлесуі коронавирус індеті өршіген тұстан бері кеңінен қолданысқа енді. Себебі дүйім жұрттың тыныштығын алған дерттің алдын алу мақсатында жабық мекемелерде қысқа және ұзақ мерзімді кездесулер уақытша тоқтатылған болатын.