Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда тіркелген қылмыс саны 26,7%-ға төмендеді

Таразда алты айда тіркелген қылмыс саны 26,7 пайызға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың алты айында атқарылған іс-шаралар нәтижесінде Тараз қаласының Полиция басқармасы 2-полиция бөлімінің қызмет атқару аумағында жалпы қылмыстардың тіркелу саны 26,7 пайызға төмендеп, олардың ашылуы 6,6%-ға артқан.

Аса ауыр қылмыстардың тіркелуі 90 пайызға азайып, олардың ашылу көрсеткіші 100%-ды құрады. Алайда қылмыс түрлерінің ішінде интернет-алаяқтық қылмыстарының өсуі байқалады. Олардың ең көп таралған түрі – алаяқ жәбірленушінің ұялы телефонына өзін банктің қауіпсіздік қызметкері етіп таныстырып, оның есеп шотына белгісіз адамдар шабуыл жасап, ақшасын алып қою мүмкіндігі туындап тұрғанын сылтау етіп, тез арада шотты ауыстыру керек екенін жеткізеді.

Осылайша оның есеп шотындағы барлық ақшаны жаңа құрылған шотқа ауыстырып, ол шоттың жасырын кодын біліп алу арқылы жәбірленушінің барлық ақшасын иемденіп кетіп отырады.

Сол себептен осындай қоңырау түскен жағдайда, ұялы телефонның экранына банкттің қызметтік телефон нөмірінің шығып тұрғанына қарамастан, банк қызметіне қайта қоңырау шалатынын айтып әңгімені сол жерде тоқтатыңыз. Содан соң шотыңыз ашылған өз банкіңіздің қызмет көрсететін нөміріне хабарласып, мән-жайды анықтап алуыңызға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру