Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 300-ден астам шетелдік жауапқа тартылды

Жамбыл облысында 300-ден астам шетелдік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мақсатында 2021 жылдың 5-12 шілдесі аралығында Жамбыл облысының аумағында “Заңсыз-трафик” жедел алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілді.
Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 337 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған санаттағы шетелдіктерден сот шешімімен ТМД елдерінің 35 азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды.

– Шетелдік жұмысшы күшін және иммигранттарды тартуда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының төрт азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың бұзушылықтары үшін Қазақстан Республикасының 194 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Жамбыл облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін Қырғызстан Республикасының азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасының екі азаматына қатысты тергеу іс-әрекеті жүргізілуде.

Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтауда жүргізіліп жатқан жұмыстар Жамбыл облысының Полиция департаменті көші-қон қызметінің тұрақты бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру