Тараздық әйел түзеу мекемесіне трамадол мен телефон алып кірмекші болған
Тараздық әйел түзеу мекемесіне трамадол мен ұялы телефон алып кірмекші болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбылда жас келіншек түзеу мекемесіне трамадол мен ұялы телефон алып кірмекші болған.
Оқиға ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінде орын алды. Мекеменің жедел және режим бөлімінің қызметкерлері алдын ала жедел ақпаратқа сәйкес, ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-тармағы бойынша сотты болған 57 жастағы азаматқа қысқамерзімді кездесуге келген С. есімді азаматшаны тексеру барысында күдікті заттар тәркіледі. Атап айтқанда, келіншекті жіті тінту барысында оның іш киімінің ішінен, яғни жаялық арасынан ақ түсті таблеткалар, қара қоңыр түсті спецификалық иісі бар күдікті затпен ұялы телефон табылды.
Қазіргі таңда тәркіленген заттарды анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды.
Сондай-ақ, заңды бұзған азаматшаны жазаға тарту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.